Сақтанайық!!! Қорғанайық!!! Мұқият болайық!!!
Ботулизм (аллантиазис, ихтиизм) – ботулотоксинніңәсерінен дамитын,
сопақша ми және жұлынның зақымдануыменсипаталатын жедел токсико- инфекциялық ауру. Ботулизммен аурудың басым көпшілігі (89%) үйдедайындалатын тағам өнімдерін (маринадталғансаңырауқұлақтар, көкөніс консервілері, үйде дайындалған балықтар т.б.) пайдалануыменбайланысты. Ботулизмнің клиникалық жәнеэпидемиологиялық мәні аурудың ауырлығымен, жоғары өлім - жетімділігімен (15 - 25%) және тағамөнімдерін үй жағдайында консервілеумасштабының өсуімен анықталады.
Патогенезі:
Тағамдық ботулизмнің даму механизмі:
• Ботулотоксин асқазан - ішек жолына түседі. Протеолитикалық ферменттердің әсерінен ботулотоксинніңкүші жоғарылайды.
• Токсин қанға өтіп, қанқа бұлшықеттерінің парезін, қантамырларының парезін шақырады, капиллярлардыңсыңғыштығын жоғарылатады.
• Ботулотоксиннің әсеріне жұлынның алдыңғы мүйіздерініңүлкен
мотонейрондары өте сезімтал: бульбарлы жәнепаралитикалық синдромдар дамиды (әртүрлібұлшықеттердің, соның ішінде қолайсыз кездейсоқ жағдайда- тыныс мускулатурасының парездері және параличтері).
• Шеткі моторлы жүйке - бұлшықеттер приборларына әсеретеді (ацетилхолиннің өндіруін тежейді).
• Токсинмен парасимпатикалық жүйке жүйесініңбелсенділігінің төмендеуі, гиперкатехолемияның дамуы(тамырлардың зақымдануы және олардың тарылуы;
бозару, бас айналу, көздердің алдында "тор" және "шіркей", АҚ жоғарылауы, шырышты қабықтарының құрғауы, іштіңқатуы).
• Гипоксияның барлық түрлері (гистотоксикалық, циркуляторлы, гипоксиялық және гемиялық) дамиды.
• Тыныс алу бұлшықеттерінің парезінен тыныс алудың жеделжетіспеушілігі дамиды.
Клиникалық көріністері:
• Ботулизмнің жасырын кезеңі 2 - 12 сағаттан 7 күнге дейінсозылады, жиі 18 - 24 сағат. Ботулизм жедел басталады. Алғашқы кезеңде ауру 3 клиникалық вариантта дамиды: паралитикалық, гастроинтестинальды және жалпыинтоксикациялық.
• Интоксикация симптомдары: бас ауыруы, бас айналу, бұлшықеттердің әлсіздігі, тез шаршағыштық, ұйқысыздық.
• Гастроинтстинальды синдромның көріністері: жүрек айнуы, қайталама құсу, іш өту, ауамен кекіру, іштің кебуі,эпигастральды аймақтың ауру сезімі. Дене температурасықалыпты немесе субфебрильді болады.
• Тыныс алу бұзылыстары байқалған кезде ботулизм ауыржағдайда өтеді. Ауа жетіспеушілік, кеуденің
қысылуы және ауру сезімі пайда болады. Тыныс беткейлікболады. Дауыс мұрындық қалып алады. Сирек бетбұлшықеттерінің парезі байқалады.
• Жиі миастения кездеседі. Ауыр жағдайларда тынысбұлшықеттерінің парезі дамиды. Ботулизм кезінде тыныс алудың бұзылуы мен тоқтап қалуы өлімнің себебі болыптабылады. Жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде тахипноежәне басқа да патологиялық тыныстар пайда болады. Гипостатикалық пневмония қосылады.
• Ботулизм кезінде жүрек қан тамыр - жүйесі жағынан да функциональды бұзылыстар кездеседі. Жүректің шекарасыкеңейеді, тондардың тұйықталуы байқалады, өкпеартериясында II тон акценті пайда болады. Екінші аптаданауқастарда миокардит пайда болуы мүмкін.
• Реконвалесценция кезеңі баяу жүреді: 1 - 1,5 ай. Неврологиялық симптомдар кері шегінеді. Бірінші, тыныс алу және жұтыну қалыпқа келеді. Сосын офтальмоплегиялықсиндромның регрессі басталады. Астения ұзаққа созылады.
Асқынулары:
• Жиі науқаста аспирациялық пневмония, миокардит, инвазивті емдік
шаралардың әсерінен (интубация, катетеризация, өкпеніңжасанды
вентиляциясы) екіншілік инфекцияның қосылуы пайдаболады.
• Ботулизмнің салыстырмалы диагностикасы басқауланулармен
(атропин және оның препараттары, белена, метил спирті, улы
саңырауқұлақтар) және аурулармен (тағамдықтоксикоинфекциялар,
энцефалит, полиомиелит, кеңірдек дифтериясы, жедел ми қан айналымының бұзылыстарымен, ОЖЖ-ң әртүрліауруларымен) жүргізіледі.
Диагностикасы:
Ботулизмнің диагностикасын эпидемиологиялық, клиникалықжәне лабораториялық
көрсеткіштерге сүйенеді.
*Лабораторлық диагностика науқастан алынған қан, құсықмассасы, асқазанның
шайынды суынан ботулотоксин және ботулизм қоздырғыштарын анықтауға
негізделген. Емдік сарысуды енгізбестен бұрын көк тамырдан8 - 10 мл қан алады.
Ботулотоксинді нейтрализация реакциясы арқылыанықтайды, ал аурудың
қоздырғышы қоректік орталарға (пепсин - пептон, Китта - Тароцци ортасы,
Хоттингер сорпасы) себу арқылы анықтайды. Ботулизм иммунодиагностикасы
науқастың қанындағы антитоксиндерді анықтауғанегізделген.
Емі:
• Ботулизммен науқастарды инфекциялық стационарларғаміндетті түрде жатқызу керек. Емінің негізін спецификалықжәне спецификалық емес дезинтоксикация құрайды. Барлықнауқастарға асқазанды жуып - шаю және ішекті тазалауклизмаларын жасайды.
• Дезинтоксикация кезінде энтеросорбенттер (карболен, энтеродез, энтерол, смекта), вена ішілік кристаллоидты(трисоль, квартасоль, хлосоль, 5% глюкоза) ертінділердіқолданылады.
• Ботулизм емінің негізгі бөлігі тыныс алу бұзылыстары жәнегипоксиямен күресу. Науқастарды жасанды өкпевентиляциясына қосады. Оның көрсеткіштері мыналар; тыныс бұлшықеттерінің парезі нәтижесінде өкпенің тіршілік сыйымдылығының 30% дейін төмендейді, бульбарлы бұзылыстардың өршуі, тахипноэ (минутына 40 реттен жоғары болса) өкпе ателектазы және өкпенің қабыну процестері. Пневмония дамыған кезде антибактериальды терапия, ішектің атониясында прозерин қолданылады.
Алдын алу шаралары:
• Ботулизмнің дамуының ең негізгі себебі үйде дайындағанконсервілерді пайдалану
болып табылады. Консервілерді үйдің жағдайындадайындаған кезде ұқыпты болу
керек. Тамақтарды ботулизм қоздырғышының спораларынансақтау керек.
Консервіленген тағамды стерилизациялауда және сактаудақатаң бақылау жасау
керек. Консервілерді стерилизациялау автоклавта 120°С температурада жүргізіледі.
• Көтеріңкі келген консервілік банкілерді пайдалануғаболмайды. Тұрғын халықтарға үй жағдайында етті, балықты, саңырауқұлақты, жеміс – жидекті консервілеудің қауіптілігінтүсіндіру керек. Үйде дайындалған консервілерді пайдаланар алдында 10 - 15 минут қайнату керек, сондаботулотоксин тіршілігін жояды.