Аудандық орталық ауруханасының туберкулез бөлімінде фтизиатр,педиатр дәрігер Маржан Балтаеваның және Таушық елді мекенінде де ашық есік күні аудандық орталық ауруханасының фтизиатр дәрігері Күләш Көпбергенованың қатысуымен ашық есік күні өткізілді. Келушілерге арнайы муляждар арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы бетшелер таратылды. Қамтылған адам саны – 57.
Ауданға қарасты барлық мектеп ошақтарында дәрістер оқылып, диктанттар жазылып, флешмоб, тренингтер өткізілді. Сонымен қатар арнайы бұрыштар жасалап, мектеп қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары өткізілді.