15 - мамыр Халықаралық отбасы күніне орай,Түпқараған орталық аудандық ауруханасының ұйымдастыруымен шара өткізілді. Мерекелік шара қарсаңында ұжым атынан, мекеме басшысы Н.Орынбасарұлы көп балалы, жалғыз басты ана,қызметкер Н.Хамзинаға сый- сыяпатын беріп, балаларына тәттілерін ұсынды. Отбасы күні ана мен баланы жүрек жарды тілегімен қуантып, құрметін көрсетті. Шараға 60 қа тарта қызметкер қатысты.
Сонымен қатар « Жүктілік кезіндегі қәуіпті белгілері » « Бала емізуге дайындық » « Бала күтімі » « Жүктілікті жоспарлау » тақырыптарында ашық есік өткізілді. Түсіндірме жұмыстарын « Денсаулық мектебі » кабинетінің акушеркасы Д.Беришбаева түсіндірме жұмыстарын өткізіп, бетшелер таратып, роликтер көрсетті. Қамтылған адам саны- 22.