24 ақпаны мен 24 наурызы аралығында Қазақстанда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған туберкулездің алдын алу бойынша айлық өтуде.
Осы бағытта, аудан бойынша « Ия, біз туберкулезді тоқтатамыз!» акциясы аясында,түсіндірме жұмыстары өткізіліп жатыр.Аудандық емхана, баутино елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияда және М.Горький мектеп- лицейінің жоғары сынып оқушыларына дәріс өткізіліп, арнайы бетшелер таратылды.
-Барлық адамдар өмір бойы туберкулез ауруының алдын алу үшін келесі ережелерді сақтауы керек: салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, гимнастика, денені қатайту шараларын жүргізу, алкогольді асыра пайдаланудан бас тарту, темекі шегуден бас тарту, дұрыс, уақтылы және теңгерімді тамақтану, еңбек және демалыс режимін сақтау сияқты пайдалы кеңестерді тыңдай отырып, сақтау білу керек,- дейді аудандық орталық ауруханасының фтизиатр дәрігері К.К.Нұрсұлтанова және фтизиопедиатр дәрігері М.Ж.Балтаева.