Дәріс: «Туберкулез туралы не білу керек »
Дәріскер – Орталық аудандық ауруханасының туберкулез бөлімшесінің дәрігер фтизиатры Маржан Джумагазиевна, мейірбике Гулсин Айсаевна.
Мақсаты: Жұқпалы аурулардан сақтану және олардың алдын алу.
Тәрбиелігі: Жұқпалы аурулардан сақтануға және тазалықты ұстануға тәрбиелеу.
Қысқаша сипаттама: Бұл дәрісте,туберкулез - бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез - бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының - сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.
Жұқтырудың негізгі көзі - туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам екендігіне, туберкулез ауруының түрлеріне, әдістеріне сипаттама берілді.
Тыңдаушы аудитория: Форт –Шевченко мектеп- лицейінің жоғары сынып оқушылары, мектеп мейірбикелері.
«Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде»
Туберкулезден сақтанайық!