Есірткі, уытты,өзге де психотроптық заттарды тұтынудың алдын алу бойынша, орталық аудандық ауруханасының нарколог, психиатр дәрігері А.Аркабаевна, салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Г.Күмісбаевнаның қатысуымен, Түпқараған гуманитарлық- кәсіптік колледжінің студенттеріне дәріс оқылды. Басты мақсат: нашақорлықтың алдын алу мен жастар арасында таралуына жол бермеу, зияны мен зардабын, халық денсаулығына үлкен зиян тигізетіндігін ұғындыру болды. Дәріс барысында студеттер тарапынан мамандарға сұрақ қойылып, жауаптар беріліп,соңында студенттерге роликтер көрсетіліп, арнайы бетшелер таратылды.