Түпқараған орталық ауруханасында, ауыл тұрғыны, 62 жастағы әйел адамға созылмалы тасты холецистит отасы жасалды. Науқасқа жасаған ота сәтті аяқталып, қәзіргі таңда жағдайы жақсы. Аталған ота және отаға дейінгі барлық қажетті тексерулер МӘМС жүйесінде тегін жүргізіліп келеді.
-Науқас 62 жаста. Біздің ауруханамызға портал арқылы ота жасатуға түсті. Келген кездегі диагнозы: өт-тас ауруы. Созылмалы тасты холецистит. Науқастың айтуынша бір жылдан бері, оң жақ қабырғасының асты шаншып, ауырсынуы, ауызға ащы дәмнің келуі, тамақты дұрыс қорыта алмау сияқты шағымдар мазалаған. Өз еркімен ультрадыбыстық зерттеуден ( УЗИ) өтіп, нәтижесінде өт қалтасының қабынуы анықталған. Хирургтің кеңесі бойынша оперативтік ем тағайындалды. Науқасқа « Лапороскопиялық холецистэктомия » отасы жасалды, яғни лазерлік әдіспен өт қалтасын тастарымен бірге алып тастау. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, шағымдары жоқ. Үйіне шығару жоспарлануда,-дейді хирург дәрігер Қартбаев Асылхан Сергалиевич.
- Бір жылдан бері, оң жақ қабырғамның асты шаншып, ауырсынып, ауызыма ащы дәм келіп, ішкен тамағым дұрыс қорыта алмаушы еді. Осындай ауырсынулар мазалап, күшейе бергесін таңертең ауруханаға баруыма тура келді. Келген бойда,тексеріп, ота жасаймыз деп шешім қабылдады. Ота сәтті өтіп,қазіргі жағдайым жақсы,өзімді жақсы сезінемін. Барлық ақ халатты жандарға алғысым шексіз, соның ішінде бас дәрігер Жалгасбаев Нұрлыбек Орынбасаровичке, хирург дәрігер Қартбаев Асылхан Сергалиевичке, Маңғыстау облысының бас хирургі Мукантаев Талгат Естургановичке, хирург мейірбикесі Жолдасбаева Айжамал Алпысбаевнаға, тазалық сақтаушы қыздарға да көп- көп рақмет айтқым келеді. Алғысым шексіз,-дейді бар ризашылығын білдірген науқасымыз.