Түпқараған аудандық орталық аурухана дәрігерлерінің көмегімен 39 жасар босанушы анаға жедел кесарь тілігі отасы жасалынды. Нәресте мен оның жолдасын құрсақ қуысы мен жатырды кесу арқылы шығару тәсілі осыған дейін де шұғыл жағдайда аудан орталығында аудан дәрігерлерінің көмегімен жасалынып жүр.
Бүгінде 4 кг. салмақ дәрежесінде кесарь тілігі отасы көмегімен дүние есігін ашқан сәбидің де, ананың да жағдайы жақсы. Ана мен сәби үйіне шығарылып, жағдайлары бақылауда.
Түпқараған аудандық орталық аурухананың гинекологы Айнұр Азанқызы, хирург - Шалқар Айымов, анестезиолог Нұрлыбек Жалғасбаев және Анель, Назгүл мейірбикелер көмегімен ота 1 сағатта сәтті аяқталды.