Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы
ШЖҚ «ТҮПҚАРАҒАН ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНА» МКК
Маңғыстау обл., Түпқараған ауданы
Форт-Шевченко қ., Ж.Мыңбайұлы көшесі №112
Телефон: 8 (72938) 28453, 8 (72938) 28456

Emailbuxpolikl_fort@mail.ru 


18.03.2024
250
07:54
ЕЛІМІЗДЕ ШАҢЫРАҚ КҮНІ АТАП ӨТІЛЕДІ

           « Шаңырақтың шаттығы – сәби »

           ЕЛІМІЗДЕ ШАҢЫРАҚ КҮНІ АТАП ӨТІЛЕДІ...

Бүгін, 17 наурыз Наурызнаманың төртінші – "Шаңырақ күні". Бұл күн елімізде жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді. 

Қазақ өркениетінде "Шаңырақ" сөзі киелі мазмұнға ие. Бүкіл ұлт тұтас ірге жайған қара шаңырақ – ұрпақтар өрбіген қуатты ұя саналады. Жалпы, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар.

Халқымыздың осындай тамыры тереңнен бойлаған, тарихымен бірге жасасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі – отбасы құндылықтары. Бақытты отбасында өскен әр бала – болашақтың негізін қалар қалқан.Отан отбасынан басталады. Осы қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес. Өзгермейді де. 

 

Осы күні, орталық аудандық ауруханасының  перзентхана бөлімінде, жас аналар А.Назарбаева,Г.Сыдыкова сүйкімді сәбилер ұл мен қызды дүниеге әкелді.

 

Бес күндік ғұмырда бар бақытымыз да, қызығымыз да, күйбең тіршіліктің көлеңкелі сәттерін ұмыттыратын да балаларымыз екені даусыз. Қазақ байлығын қорасындағы малымен емес, бауырындағы баласымен өлшейтіні де содан болар. Бала көбейсе, бұл бір отбасының құт-берекесі ғана емес, күллі елдің байлығы, ұлт демографиясына дем берер жемісі.

Осыны ескерген аудандық әкімшілік « Шағырақ күні » мерекесіне орай сәбилі болған аяулы аналарды құттықтауды да назардан тыс қалдырмай, перзентханаға барып құттықтап, сыйлықтарын табыстады. Сәбиін бауырына аман-есен басқан жас аналар ақ халаттылар мен аудан әкімдігіне  алғыстарын білдірді.

 

Мереке қарсаңында дүние есігін ашқан сәбилер туған жеріміздің мақтанышына айналар тұлға болсын,ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз.

 

 

 


 

Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі www.mz.gov.kz/kk
Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты Әлеуметтік Қорғау Министрлігі www.enbek.gov.kz/
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі egov.kz
+  Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте